Су добы

Су добы тарихының тамыры ел тарихының тереңіне бойлайды. Жапонияда ертеде қазіргі заманғы су добының туысы деп санауға болатын ойын болған. Ойынға қатысушылар сабаннан жасалған бөшкеде отырып сырықтармен судағы іші толтырылған доптың орнындағы теріні қуады. Өздігінен ойынның аты Шығыстан келді, екі жүз жыл бұрын еуропалықтар Моңғол елінен «поло» ойынын алып кеткен. Еуропаға келіп ол ойын көптеген қазіргі заманғы ойындардың бастамасы болды (футбол, гандбол, волейбол, мотобол).

Су добы дамуының басында ол сауық түрінде болған болатын, алайда 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап жеке спорт түрі ретінде ресімделе бастады. Ол замандағы ойын қазіргі замандағы ойынға ұқсастығы аз болды. Көлшікте ойын алаңы шартты түрде белгіленді, оның көлемі ұзындығы 20-30 м және ені 10-15м болды. Алаңнын екі жағында су түбіне қадалған судан 30-40 см. жоғары орналасқан жалау тағылған сырық орнатылды. ойыншының міндеті жүзіп жүріп допты қақпаға соғу болды.

1869 Лондонда бірінші көрнекі ойыны болды, ол спортты жақсы көретін адамдардың көңілін аударды. Алайда, бірегей ереженің болмауы су добының құрылуына тежеу болып, жарыс барысында түсініксіздіктерді туғызды. Нәтижесінде 1870 жылы Англияда суда жүзуші мамандардан ойынның ережесін жасау бойынша комиссия құрылды,ол уақытта су добын «су футболы» дап атады. Одан артық іс-шаралар болған жоқ. Англияның жүзуді жақсы көрушілер ассоциациясы жаңа спорт түрін мойындаудан бас тартты. Су добының бірінші ережелері 1876 жылы жасалды оның авторы шотландиялық азамат В. Вильсон болды. Осы жылы Борнмуттағы ескекшілер клубы осы ереже бойынша бірінші ойын өткізді. Ойын негізінен алаң көлеміне қатысты болды, ойыншылар мен төрешілердің біреуі бас төреші және екі бүйір төреші болды; ойынның негізгі ережелері де допты беру ережесі де анықталды, қақпаны алу, доптың ойыннан шығып кетуі ережелері анықталды. Қақпаның орнына сал қойылды оған допты қойғанда ғана ол ұпайға саналады. Бірінші нұсқадағы ереже 1890 жылға дейін болды. Ол уақытта ағылшын және шотландиялық ватерпол командалары арасында жарыстар тұрақты түрде өткізіліп отырды онда шотландиялық спортсшылардың артықшылығы басым болды.

1900 жылы су добыПариж қаласында II Олимпиядалық ойындардың бағдарламасына қосылған болатын. Ағылшын, француз, бельгиялық және герман командалары жарысында ойынның негізін салушылар болған Англияның ватерполистері жеңімпаз атанды. 1908 жылы Лондондағы Олимпиядалық ойын барысында жүзуді жақсы көрушілерАссоциациясының және оның президенті Георг Херннің бастамасымен Халықаралық жүзу федерациясы құрылды (ФИНА).

1926 жылы су добының бірінші Еуропалық біріншілігі өткізілді,1973 жылы бірінші әлем чемпионаты болды, 1979 жылдан бастап әлем Кубогы ойнатылады. 1963 жылы клуб командаларына арналған еуропалық чемпионат болды. 1974 жылдан бері командалар арасында Европа елдері арасындағы мықты Кубок иегерлері атағын алуға жарыстар өткізіліп тұрады. 1975 жылдан бастап Ескі Әлемде клуб ұжымдарының арасынан мықты клубты анықтау ойындары өткізіліп, олар Еуропа чемпионаты Кубогын және кубоктар Кубогы иегерін анықтау үшін жарыстар өткізіліп тұрған.

Қазіргі заманғы су добының танымал көшбасшылары Сербия, Венгрия, Италия, Испания, Хорватия құрамалары болып табылады.