Қазіргі бессайыс

Қазіргі заманғы бессайыс, пентатлон (ежелг.-грек. πέντα — бес + αθλο — жарыс) — спорттық көпсайыс тобының спорт түрі, онда қатысушылар бес пән бойынша жарысады: конкур, семсерлесу,атыс, жаяу жарыс, жүзу. Олар әйелдер және ерлер бессайысы деп бөлінеді және жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінеді. Көне замандағыдан айыру үшін қазіргі бессайыс қазіргі заманғы деп аталады.

Жауынгерге қажет спорттық қолданбалы ептіліктер мен дағдылар ерте заманнан бері белгілі. Алғашқы рет бессайыстан жарыстар XIXғасырдың екінші жартысында Швецияда өткізілді. Содан кейін басқа да елдерде бірнеше спорттық пәннен тұратын, сол замандағы офицердің шайқасқа дайындығын көрсететін офицерлік бессайыстан жарыстар өткізіле бастады (атпен жүру, семсерлесу, атыс, жүзу және жүгіру) 1912 жылдан бастап П. де Кубертеннің ұсынысымен ол өзі жасаған офицерлік бессайыс бағдарламасы Олимпияда ойынына кіргізілді. Ол осыған ұқсас сынақтар «адамның моральдық қасиетін оның физикалық мүмкіндіктерін, ептіліктерін тексеруге мүмкіндік береді және үздік жан-жақты атлеттің қалыптасуына ықпал етеді» деді. 1948 жылға дейін жарысқа спортшы-офицерлер ғана жіберілді. Жарыс қазіргі атауын 1948 жылы алды, Лондонда қазіргі заманғы бессайыстан және биатлоннынХалықаралық одағы құрылды (фр. Union de Pentathlon Moderne et Biathlon, UIPMB)

Ереже

Жарыс бағдарламасы. Қазіргі заманғы бессайыс бойынша жарыстар әдетте мына ретпен жүргізіледі:

  • семсерлесу
  • жүзу
  • конкур
  • комбайн — жүгіру (жеңіл атлетика) және пистолеттен ату
  • және есептелгенұпай жүйесінде құрылады. Әр пән үшін нақты бір норматив орнатылған оны орындау барысында спортшыға250 (конкурда — 300) ұпай беріледі. Егер де ол аталған нормативтен өткен болса, бессайысшы қосымша балл алады стандартты орындамаған жағдайда қатысушыдан тиісті ұпайлар алынады. Әр түрлі бағдарламадан алынған ұпайлар жинақталады.

Семсерлесу

Семсермен семсерлесу бірнеше сағатқа созылады, ол айналу жүйесімен жүргізіледі. Әрбір спортшы20 артық емес шайқас өткізеді. Бірінші қадау (барлық дене қадаудың орны болып есептеледі) жеңуді немесе жеңілуді көрсетеді. Екі жақты қадау барысында екі семсерлуші де қадауды бір мезетте жүргізгенде семсерлеу келесі қадауға дейін жалғаса береді. Шайқас тым ұзаққасозылып кетпеу үшін оның ұзақтығы 1 мин дейін шектелген. Егер де осы уақыт аралығында жеңімпаз анықталмаса, онда екі спортшы жеңілген болып саналады. Қазіргі заманғы семсерлесуде қадаудың электро-автоматты дабылы міндетті болып саналады. Әрбір қатысушы барлық қатысушымен айналып кездесе береді. Әрбір қадауы үшін спортшы 6 ұпай алады. 70% ұтқан шайқас ол 250 ұпайға тең болады.

Жүзу

Ерікті стилмен 200 м жүзу. Нәтижесі 2:30 мин ер адамдар үшін және әйелдер үшін — 250 ұпай әкеледі. Әрбір 0,3 сек жоғары (төмен) нәтижесі оның көрсеткішін жақсартады (төмендетеді) 1 ұпайдан алынып отырады. Ер адамдар арасындағы рекорд бүгінгі күні 1.54,25 болып отыр.

Конкур

Атпен кедергілерде секіру арқылы жүру, қашықтығы 350—450 м. кедергінің биіктігі 120 см, ені — 150. Осы кедергілер арасында бір қосарлы және бір үш жүйе болуы керек. Маршрутты жүру үшін бақылау уақыты анықталады (мысалы, 400 м қашықтықта ол 2:18 мин). Қатысушылардың нәтижесі анықталып, бастапқы ұпайда 300 ұпайды айыппұл баллын алып тастайды, уақытттан ұтылып қалған жағдайда (1 ұпай әрбір артық «секундқа») және техникалық қателер үшін. Егер де спортшы 2 еседен артық уақыт лимитінен асып кетсе, ол 0 ұпай алады. Ереже бойынша шабандоздың атпен «танысуы» бастауға дейін (жеребеге сәйкес) 20 мин арасында жүреді. Жаттығу барысында бессайысшы «өз» атына сынақ кедергіден өтеді.

Комбайн — жүгіру және пистолеттен ату

2009 жылдың1 қаңтарынан3000 м жаяу жүгіру және ату біріктірілді. Қазір атысқа лазерлік пистолеттер және электрондық нысана қолданылады. Жарыс ережесі бойынша 4 рет 800 метрге, бойында 4 оқ ату шегі бар қашықтықтажүгіру қажет,. Старт гандикап жүйесімен жүргізіледі — алдыңғы түрлер нәтижесі бойынша ұпайлар есептеледі, олардың арасындағы айырмашылық секундқа айналдырылады. Старттан кейін 20 метрде спортшылар ату шегіне жүгіріп келеді. Ату 4 серияда жүреді, нысанаға дейінгі қашықтық 10 м. Әрбір серия 5 нысана атуынан тұрады диаметрі 59.5 мм саны шексіз әрекеттен тұрады, максималды берілген уақыт 50 секунд. Неғұрлым тез атылатын бессайысшы 10-15 секунд ішіндебес нысан «жабады». Спортшы5 нысананы атқаннан кейін немесе уақыт лимиті шыққанан кейін жүгіруді бастайды, жүгіру қашықтығы 800 метр. Бұрын жарысқа бірзарядтты газ (СO2) немесе калибрі 4.5 мм пневматикалық пистолет қолданылған, спортшы әрбір атудың алдында қаруды қайта оқтап және бес нысанды атқаннан кейін әрі қарай жүгіреді (ату жылдамдығының рекорды — 7,22 секунд құрады. 15 нысанды ату үшін жұмсалған уақыт рекорды 28,7 секундтты құрап отыр.