Суға секіру

Суға секіру жүзудің Халықаралық әуесқойлар федерациясына (ФИНА) біріккенсу спорты түрлерінің бірі. Оған трамплиннен секіру кіреді (1 және 3 м) және мұнарадан секіру (5, 7,5 және 10 м). Жарыс бірнеше секірулерден тұрады жеңімпаз үздік балл сомасы арқылы анықталады. 1990 жылдан ресми жарыс бағдарламасына сонымен қатар синхрондық суға секіру кіреді. 2013 жылдан суға секіру бағдарламасына «биіктіктен» секіру — хайдайвинг енгізілген. Хайдайвингте 2 түрі бар– мұнарадан секіру ер адамдар 27 метр және мұнарадан секіру әйел адамдар 20 метр.

Ереже. (ФИНА суға серіру бойынша және хайдавинг бойынша толық бағдарламасы "FINA сайтында ережелер мен талаптар")

Суға секіру трамплин немесе мүнарадан жүргізіледі. Трамплин – арнайы тақта ұзындығы 4,8 м және ені 0,5 м, о оны бір ұшы хауыздың бортына бекітілген. Ол су бетінен 1–3 м биіктікте орнатылған. Ұзындықтың бойында сырғымайтын жабуы бар. Трамплин жүзушіге жақсылап шайқалып, секіруге мүмкіндік береді, осыдан кейін қатты шайқалу арқылы қосымша жылдамдық пайда болады.

Мұнара — 1, 3, 5, 7,5 және 10 м. биіктіктегі құрылыс. Платформа ені — 2, ұзындығы — 6 м. платформа шеті (трамплиннің алдыңғы шеті сияқты) хауыздың шетінен 1,5 м. кем емес шығып тұрады.

Олимпияда ойындарында спортшылар 3-метр трамплиннен және 10-метр мұнарадан секіруден жарысады. Кейбір халықаралық жарыстар бағдарламасына сонымен қатар метрлік трамплиннен секіру енгізілген.

Тұру мен техникалық әдістер. Секірудің классификациясы.

Секіру алдыңғы (суға бетімен) немесе артқа (суға арқасымен) секіру сонымен қатар қолмен тұрып секіру, орнынан және екпіннен секіру әдістерін қолданып жасалады.

Спортшы секіру барысында денесін ұстап тұрудың мынандай қалыптарын атауға болады:

  • иіліп — аяғын бірге тік ұстап тұру
  • бүгіліп — денесін белінен алдыға бүгіп, аяғын тік ұстау арқылы
  • топталып денесін тізесін біріктіріп қолын біріктіріп қолымен аяғын қысып ұстау арқылы. Барлық әдісте де аяқ ұштарын тіктеп ұстайды.

Секіру барысында спортшы мына техникалық әдістерді қолданады:

  • жартылай айналу — денені көлденең осъті айнала180 градусқа айналдыру
  • айналып — денені көлделең осъті 360 градусқа айналдыру арқылы, сонымен қатар 1,5, 2, 2,5, 3 және 3,5 айналыстар орындалады
  • жартылай винт — денені ұзына бойынан айналдыру арқылы 180 градусқа айналдыру арқылы секіру
  • винт — денені ұзына бойғы осъті 360 градусқа айналып арқылы секіру, 1,5, 2, 2,5 және 3 винтпен секіру де болады.

Суға секіру 6 түрге бөлінеді (класс):

  • тік тұрыпалдыға айналып секіру
  • тік тұрып арқамен қарап артқа айналып секіру
  • тік тұрып арқаменалдыға айналу арқылы секіру
  • арқамен тік тұрып алдыға айналу арқылы секіру
  • ұзына бойғы осъті айналып айналып секіру (винттарды қосып)
  • қолментұру ідісін қолданып секіру (тек қана мұнарада орындалады).

Жарыс формуласы

Суға секіру бойынша Олимпияда ойындары мен әлемчемпионаттарында 3 метр трамплиннен секіру және 10-метр мұнарадан секіру үш кезеңге бөлінеді.

Алдын ала (немесе квалификациондық) кезең оның нәтижесі бойынша 18 үздік секірушілер анықталады, жартылай финалдаосылардың 18 спортшылардың арасынан 12 үздігін анықтайды және соңында финал. Спортшылар жартылай финалдаалған бағалары оның «финалдық секіру» бағасына қосылады. Ең жоғары балл санын алған секіруші жеңімпаз атанады.

Трамплинде ер адамдар 6 әр түрлі секіруді орындайды және финалдық секіру (екеуінде де секіру күрделігі коэффициенті шектелмейді) жалтылай финалда — әр түрлі 5 секіру, күрделіліктің сомалық коэффициенті 9,5 аспауы керек. Әйелдер арасындағы жарыс осы кесте бойынша өтеді — тек бір ғана айырмашылығы: барлық үш кезеңде де олар 5 секіруді орындайды.