Қазақстан құрамасы үшін Банкок қаласында (Таиланд) өткен жасы бойынша бөлінген топтар арасындағы 8-ші AASF Азия Чемпионаты маңызды оқиға болды

 

Желтоқсан 18, 2015

Қазақстан құрамасы үшін Банкок қаласында (Таиланд) өткен жасы бойынша бөлінген топтар арасындағы 8-ші AASF Азия Чемпионаты маңызды оқиға болды. Қазақстандықтар алғаш рет жасы бойынша бөлінген бірнеше топтардан тұратын осындай өкілдік делегациямен Азия біріншілігіне аттанды. Отандық спортсмендер қатарластарымен жүзу, су добы, суға секіру, синхронды жүзу сияқты пәндер бойынша жарысқа түсті.

Су спорты түрлері өте ерекше түр екені және жоғары сапалы спортсмендерді даярлауға аз уақыт кетпейтіні мәлім. Болып өткен Азия Чемпионаты қазақстандық су спорты федерациясының соңғы жылдары орасан жұмыс жасағанын көрсетті. Осының ішінде жас атлеттердің даярлығын ерекше атаған дұрыс. Қазақстанның жаңа спорттық тарихында жүзу, су добы, суға секіру және синхронды жүзу бойынша перспективті жасөспірімдердің осындай сандық құрамы осы күнге дейін болған емес. Азияның ең мықты командаларымен жеңіске теңдей бақталаса алатын бәсекелестікке қабілетті команданың пайда болуы Федерацияның бірнеше жылдық жұмысының нәтижесі.

Жүзу пәні бойынша қатысушы елдер жалпы саны отыз төрт мемлекетті құрады. Қазақстанның атынан он екі спортсмен қатысып, 3 алтын, 5 күміс және 5 қола медалді арқалады.

Азия чемпионатының жүлдегерлері

Қасқабай Әділ — жасы бойынша бөлінген тобы «B», қашықтығы 50 м баттерфляй — 25,18 сек. — 2 орын;

Архипова Ирина — жасы бойынша бөлінген тобы «В», қашықтығы 50 м баттерфляй — 28,17 сек. — 2 орын;

Эстафета — қашықтығы 50 м, «В», қашықтығы 4х100 м микс аралас — 4.03,51 мин. — 1 орын.

Қасқабай Әділ — жасы бойынша бөлінген тобы «В», қашықтығы 100 м еркін стиль — 50,76 сек. — 1 орын;

Дымченко Екатерина — жасы бойынша бөлінген тобы «В», қашықтығы 50 м арқамен жүзу — 29,83 сек. — 3 орын;

Эстафета — жасы бойынша бөлінген тобы «В», қашықтығы 4х100 м аралас, ер балалар — 3.54,82 мин. — 2 орын;

Эстафета — жасы бойынша бөлінген тобы «В», қашықтығы 4х100 м аралас, қыздар — 4.21,57 мин. — 3 орын.

Эстафета — жасы бойынша бөлінген тобы «В», қашықтығы 4х100 м еркін стиль микс — 3.45,79 мин. — 3 орын

Қасқабай Әділ — жасы бойынша бөлінген тобы «В», қашықтығы 50м еркін стиль — 23,36 сек. — 1 орын;

Сабыр Алмат — жасы бойынша бөлінген тобы «В», қашықтығы 200 м арқамен жүзу — 2.05.84 мин. — 3 орын.

Дымченко Екатерина — жасы бойынша бөлінген тобы «В», қашықтығы 100м арқамен жүзу — 1.02.96 мин. — 2 орын.

Эстафета — жасы бойынша бөлінген тобы «В», қашықтығы 4х 100м еркін стиль , ер балалар — 3.32,01 — 3 орын.

Охотинский Ален — жасы бойынша бөлінген тобы «С», қашықтығы 50м еркін стиль кроль — 24.65 сек. — 2 орын.

Қазақстандық су добы ойыншылары (17 жастағы және одан кіші қыздар және ер балалар) жасы бойынша бөлінген топтар арасындағы 8-ші AASF Азия Чемпионатында кем ойын көрсеткен жоқ. Бірнеше жылдар көлемінде республикамызда жас ойыншыларды даярлау бойынша жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. Кейіннен бұл ойыншылар ұлттық команданың негізі болуы тиіс. Бұл жұмыстың нәтижесін жақын арада Алматы қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасының ойын көрсетуінен көре алдық. Жемісті өсу қарқынын қазақстандықтар Азия елдерінде де көрсете ала білді.

Ер балалар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан, Қытай, Жапония, Иран, Гонгонг, Таиланд, Индонезия және Үнді мемлекеттері сияқты 8 команда қатысты. Алдын ала кезеңдегі ойындар топтар арасында өткізілді. Осы кезеңдегі біздің құраманың бәсекелестері Иран, Индонезия және Гонгонг су добы ойыншылары болды. Топтық кездесулер нәтижесі бойынша ҚР құрамасы барлық қарсыластарынан үстем болып, бірінші орынды иеленді. Ал, финалға шығу ойынында біздің ер балалар өте мықты команда болып есептелетін Қытай құрамасын 18-5 есебімен ойсырата жеңді десек артық айтпаспыз. Финалда қазақстандықтар бір ғана жеңіліс тауып, 9-16 есебімен жапондық командасына жеңісті сыйлап, Азия чемпионатының күміс медалін иеленді.

Жасөспірім қыздар арасында жеті команда қатысты. Олар: Қазақстан, Қытай, Жапония, Өзбекстан, Таиланд, Индонезия және Үнді. Ойындар айналмалы жүйеде өткізілді. Қазақстан алты ойын өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Қазақстандықтар тек қана Қытай мен Жапон құрамаларынан жеңіліс тауып, үшінші орынды иеленді.

Сондай-ақ қазақстандық суға секірушілердің үздік нәтижелерін атап өткен абзал. Чемпионатта әлемнің он үш мемлекетінен сексен тоғыз спортсмен қатысты. Қазақстаннан бес спортсмен қатысып, олар бес күміс және бес қола жүлдеге ие болды.

Жүлдегерлер

Трамплин 1 метр:

Журавлева Юлия — жасы бойынша бөлінген тобы «В» — 2 орын.

Борова Елизавета — жасы бойынша бөлінген тобы «В» — 3 орын.

Ессер Анатолий — жасы бойынша бөлінген тобы «С» — 3 орын.

Трамплин 3 метр:

Борова Елизавета — жасы бойынша бөлінген тобы «В» — 3 орын.

Мұнара:

Ессер Анатолий — жасы бойынша бөлінген тобы «С» — 2 орын.

Гудков Владимир — жасы бойынша бөлінген тобы «А» — 2 орын.

3 метрлік мұнарадан синхронды секіру:

Борова Елизавета және Журавлева Юлия — жасы бойынша бөлінген тобы «А+В» — 2 орын.

Ткачук Александр және Гудков Владимир — жасы бойынша бөлінген тобы «А+В» — 3 орын.

барлық жаңалыктар »