Орталық қызметі

«Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру агенттігінің «Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын құру туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі №435 қаулысына сәйкес құрылды.

Кәсіпорын өз қызметін ҚР ҚМ ММЖК Төрағасының 2012 жылғы 19 сәуірдегі №383 бұйрығымен бекітілген Жарғы және 2012 ж. 26 сәуірдегі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі негізінде жүзеге асырады.

Кәсіпорынға қатысты тиісті саладағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мәні спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты су спортының түрлері бойынша, сондай-ақ қазіргі бессайыс және онымен байланысты спорттың полидисциплинарлы түрлері бойынша спорттық резервті және республиканың ұлттық құрама командаларын жыл бойы орталықтандырылған даярлауды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

  1. Су спортының түрлері бойынша, сондай-ақ қазіргі бессайыс және онымен байланысты спорттың полидисциплинарлы түрлері бойынша Қазақстан Республикасынының спорттық резервіне орталықтандырылған даярлауды ұйымдастыру.
  2. Олимпиадалық даярлау орталығына алынған спортшылар үшін даярлаудың оқу-жаттығу бағдарламаларын және жеке жоспарларын жүзеге асыру.
  3. Орталықтандырылған даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
  4. Кәсіпорынның жетекші спортшыларын спорттық бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес республикалық және халықаралық жарыстарға қатыстыру.
  5. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушы кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Осы мақсаттарға сәйкес Орталықта 6 бөлімше қызмет атқарады:

Бөлімше атауы

Спортшылардың саны

Қазіргі бессайыс

38

Жүзу

26

Ашық судағы жүзу

20

Суға секіру

25

Су добы (жасөспірімдер)

45

Су добы (қыздар)

45

Барлығы

199